Қарағандыда көп қабатты тұрғын үйлердің 10 кіреберісі (подьезд) мен Теміртау қаласында 2 кіреберісі карантинге жабылды. Қарағанды облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметі бойынша, Қарағанды облысында короновирус инфекциясын жұқтырған тұрғындар тұратын үйлердің кіреберістері екі аптаға жабылған. Карантин 14 күнге енгізіледі. Жергілікті жерлердегі емханалар кіреберістің тұрғындарына медициналық бақылау жүргізеді. Тұрғындарға азық-түлікті жеткізу мәселесі бойынша әкімдіктер айналысады. Тамақ өнімдерін, бірінші кезекте қажетті тауарларды жеткізу жеке гигиена ережелерін сақтай отырып, сауда үйлері, супермаркеттердің көмегімен кіреберіске дейін буып-түйілген түрде жүргізіледі, –деді департаменттің баспасөз қызметі. Аудан әкімдіктері кіреберіс тұрғындары үшін қоқысқа арналған жеке контейнерлер орнатты. Қоқыс қалдықтарын арнайы көліктерде күн сайын шығарылады, кейін контейнерлерді дезинфекциялайды.
Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы