Алматыда пневмониясы болған науқастар тексеруден өтіп жатыр. Бұл туралы Алматының бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова айтты.
"Қала бойынша 277 адам тіркелген. 248 адам тексерілді, оның 25-інен коронавирустық инфекция анықталды", - деді Айзат Молдағасымова. Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 764 адам тіркелді. Оның 121-і Алматыдан анықталды.