Екі рет батыр атағына ұсынылып, алмай өткен жауынгер
Екі рет батыр атағына ұсынылып, алмай өткен жауынгер
©Сурет интернеттен алынды
Ұлы Отан соғысы жылдарында жасаған ерлігімен көзге түсіп, Кеңес Одағының батырын екі рет ұсынылғанымен алмай өткен қазақ – Мінайқұл Сағындықов. Ол 1906 жылы дүниеге келген. Аға сержант, Киевтік Қызыл Ту орденді Б.Хмельницкий 136-атқыштар дивизиясының 42 саперлық бөлімшесінің командирі Сағындықов әскерге 1942 жылы шықаралды. Қазақ ауылында өсіп, тағдырдың еркімен алыстағы Янишуада жүрген Мінайқұл ерекше батылдық пен төзімділік танытты. [caption id="attachment_34443" align="alignnone" width="895"]Ұлы Отан соғысы © Сурет интернеттен алынды[/caption] 1944 жылдың 1 тамызында, ол толассыз жауған оққа қарамастан қайықпен қарсыластың лагері орналасқан жағаға бірінші болып жүзіп өтті. Бір түнде десантпен бірге өзеннің арғы жағасына жеті рет барып келді. 1944 жылғы тамыздың 2-нен 7-сі аралығында ол қайықтардағы паромға басшылық жүргізді. Төрт күн ішінде аға сержант Сағындықов қарсыластың пулемет, минометтік және артиллериялық оғына қарамастан паромға атқыштарды, қару-жарақтарды және артиллерияны орналастырып, өзен арқылы 42 рет өткізген. [caption id="attachment_34444" align="alignright" width="561"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption]
Өзен арқылы өткен күннің барлығында аға сержант Сағындықов әскери міндетін орындап, қарсыластың қауіп-қатеріне және толассыз оғына қарамастан, жауынгерлік қызметте болды, жауынгерлерді батырлық әрекеттерге ерлік пен батылдық үлгісі арқылы жігерлендірді. Командалық тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін және көрсеткен батылдық пен батырлығы үшін 1944 жылғы 8 тамызда аға сержант Мінайқұл Сағындықов Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды. Бірақ тек «Қызыл Ту» орденімен марапатталды.
Екінші рет 1945 жылдың 31 наурызында ұсынылды. Марапаттау парағынан: «1945 жылдың 27 наурызында Мертовая Висла өзенінен өту кезінде Сағындықов бөлімшенің командирі бола отырып, ерекше батылдық пен әскери зеректігін көрсетті. Сағындықов жаудың оғының астында қайық тауып, 6 жауынгерді отырғызып және олармен бірге жау жағындағы жағаға қарай батыл түрде жүзе бастады. [caption id="attachment_34445" align="alignleft" width="530"] width= © Сурет интернеттен алынды[/caption] Сағындықовтың басшылығындағы біздің жауынгерлеріміздің осындай батылдығын көрген жау жүзіп келе жатқан қайыққа қарай зеңбіректі-пулеметті және артиллериялық оқ жаудырды. Ол өзінің бар күш-жігерін салып, жау жағындағы өзен жағасына жетіп, жауынгерлерді қайықтан түсірді. Бір минутын жоғалтпай Сағындықов өзеннің жағасына қайта оралып, жауынгерлерді отырғызып, оларды да жағаға өткізді. Бір сағат ішінде ол өзеннен 7 рет ілгері-кейін өтіп, 40-қа жуық жауынгерді Мертвая Висла өзенінің қарсы жағалауына өткізді. Бұл жауынгерлер кейінірек жау плацдармын басып алып, полкке өзен арқылы өтуге мүмкіндік берді. Сағындықов өзінің басы мен аяғынан жараланғанына қарамастан, жауынгерлерді өз қайығымен өзеннің жау орналасқан жағасына өткізуді жалғастырды. Аға сержант Мінайқұл Сағындықов «Кеңес Одағының Батыры» атағына лайық. Бұл жолы да тек «Қызыл Ту» орденімен ғана марапатталды.