Екі өңірде ескерту жарияланды

Екі өңірде ескерту жарияланды

Ауа райының нашарлауына байланысты екі өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 10 сәуір күні күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 9-10 сәуір түнде Алматы облысында ауа температурасы 0-5 градусқа дейін күрт төмендейді, солтүстік және таулы аймақтарда -5 аяз болады.