Birgemiz қорының есеп-шотына 18 миллиардтан астам теңге түсті

Birgemiz қорының есеп-шотына 18 миллиардтан астам теңге түсті

9 сәуір 18.00 жағдай бойынша Birgemiz қорының есеп-шотына 18 808 797 475 теңге түсті. Қор есебіне 4 323 000 000 теңге көлеміндегі қаражат «Халық Қоры» қайырымдылық қорынан келіп түсті. Қор шығысы бүгінгі таңда 8 259 750 000 теңгені құрады: - 531 000 000 теңге (шарт соммасының 90%-ы) көлемінде қаражат Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынысымен «Фармация» үкіметтік операторына 5 млн дана маска сатып алу үшін жіберілді (03.04.2020 ж.) - 7 623 150 000 теңге барлық облыстар, елорда мен республикалық маңызы бар қалалардағы Birgemiz қорының шоттарына халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға (150 мыңнан астам) 50 мың теңгеден қаржылық қолдау көрсету мақсатында жіберілді (03.04.2020 ж.). - 105 600 000 теңге Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге төлеу үшін медициналық мекемелердің шоттарына жіберілді (07.04.2020).