Сыртқа шығу мүмкін болмай тұрған қазіргі төтенше жағдай уақытында банкке бармай-ақ төлем картасын жасату қызметі жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта банк карталарына қашықтан тапсырыс алып, жеткізу қызметін бірнеше банк ұсынады. Ол үшін сізге белгілі бір банктің клиенті болудың қажет жоқ. Сіз іс жүзінде тіркеліп, карточкалық шот ашқан кезде сол банктің клиенті боласыз. Карточканы алу үшін осы қызметті ұсынатын сегіз банктің біреуін таңдаңыз. Олар: Halyk Bank, Jysan Bank, Eurasian Bank, Altyn Bank, Банк Хоум Кредит, Сбербанк Forte Bank және АТФБанк. Төменде осы банктерде карточкаларды ашу жөніндегі нұсқаулыққа сілтемелер берілген. Әр банктің шарттарымен танысып алған абзал. Сондай-ақ, мобильді қосымша арқылы картаға тапсырыс беру - өте ыңғайлы. Банкті таңдағаннан кейін оның мобильді қосымшасын жүктеп алып, нұсқауларды орындаңыз. Халық банк: https: //halykbank.kz/bonuscard Jysan Bank: https://jysanbank.kz/ru/news/dostavka-platezhnykh-kart-jysan-bank. Eurasian Bank: https://eubank.kz/cards/ Altyn Bank: https://altyn-i.kz/app.html Банк Хоум Кредит: https://homecredit.kz/landing/homecard/ Сбербанк: https://www.sberbank.kz/ru/debit_cards Forte Bank: https://bank.forte.kz/cards/qcards-form?card=classic&_ga=2.61381100.1757062620.1586317961-117250584.1585199309 АТФБанк: https://www.atfbank.kz/phys/cards Банктер карточканы бір-екі күнде дайындап береді.