Хави футболмен қоштасты!
Хави футболмен қоштасты!
193
оқылды

39 жастағы футболшы қазір катарлық «Әл-Садд» клубында ойнайды

Футболдан Испания құрамасы мен каталониялық «Барселонаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Хави футболдағы мансабын тәмам қылатынын хабарлады.

«Бұл менің ойыншы ретіндегі соңғы маусымым. Мені бапкер ретінде не күтіп тұрғанын тағатсыздана күтудемін» депті Хави.

39 жастағы футболшы қазір катарлық «Әл-Садд» клубында ойнайды. 2015 жылдан бері осы клубтың намысын қорғаған ойыншы, енді келесі жылы аталмыш клубтың бас бапкері атанбақ.

Ол Испания құрамасымен екі мәрте Еуропа, бір рет Әлем чемпионы атанды. Ал «Барселона» сапында 1998-2015 жылдары ойнап төрт мәрте Чемпиондар лигасын, сегіз рет Испания чемпионатын жеңіп алды.