«Аякс» осы маусымнан соң "хан талапайға" түсуі мүмкін бе? (фото)
«Аякс» осы маусымнан соң "хан талапайға" түсуі мүмкін бе? (фото)
214
оқылды

Топ-клубтар бәс тігіп отырған ойыншының бірі һәм бірегейі – Маттейс де Лигт

Голландиялық «Аякстың» биылғы қарқыны керемет. Клуб ел чемпионатында да, Чемпиондар лигасында да үздік қалпынан танбай келе жатыр. Алда – «Тотенхэммен» болатын жауапты ойын. Егер осы матчтан сүрінбесе Эрик тен Хаг баптайтын жас перілер Еуропадағы ең үздік турнирдің финалына шығады.

Дегенмен клубтың ойыншыларына, тіпті бас бапкеріне де көз тігіп отырған топ-ұжымдар аз емес.

эрик.jpg
Эрик тен Хаг
Әсіресе, бас бапкер Эрик тен Хагты мюнхендік «Бавария» жұмысқа шақыруға дайын сияқты. Бұған негіз де жоқ емес. Голландиялық бапкер 2014-2015 жылдары неміс клубының жүйесінде жұмыс істеп көрген. «Бавария-2» командасын баптаған. Осы маусымнан кейін Нико Ковач отставкаға кеткен жағдайда тен Хаг қызмет орнын ауыстыруы әбден мүмкін.  

transfer-frenki-de-jonga-v-barselonu-za-75-mln_15482809041326430237.jpg
Френк де Йонг және "Барселона" президенті Бартомеу
Осы жылдың басты трансферлік жаңалығы – 21 жастағы Френк де Йонгтың «Барселонаға» ауысуы болды. Каталониялық клубпен жыл басында келісімшартқа қол қойған де Йонг осы маусым біткен соң жаңа клубының қатарына қосылады. Футболшының құны 75 млн еуроға бағаланған. Оның «Барселонадағы» жалақысы жылына 10 млн еуроны құрамақ. Әрине, жаңа ұжымында оған бәсекелес мықты жартылай қорғаушылар көп. Тіпті өте көп. Сондықтан негізгі құрамнан орын табу оңайға соқпайды. Дегенмен қалай болғанда да Френк – енді «Аякс» ойыншысы емес.  

39379265.jpg
Жартылай қорғаушы Хаким Зийечті де бақылап отырған клубтар бар
26 жастағы футболшыны «Бавария», дортмундтық «Боруссия» клубтары қатарларына қосуға дайын көрінеді. Олардан бөлек жазғы трансферлік терезеде «Челси», «Арсенал», «Эвертон», «Лестер сити» клубтары да Амстердамға қарай сұраныс хат жіберуі әбден мүмкін.  

163607_m.jpg
Нерес Бразилия құрамасына да шақыртыла бастады
Ал шабуылшы Давид Нерес «ПСЖ» қатарын толықтыруы әбден мүмкін. Сондай-ақ 22 жастағы шабуылшы келер жылы «Ливерпуль» немесе дортмундтық «Боруссия» жейдесінде де алаңға шығып қалуы ықтимал. Қазіргі таңда Нерестің трансферлік құны 32 млн еуро. «Аякспен» қазіргі келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Биыл шабуылшы барсыластар қақпасын дәл көздеді. 
388917.png
де Лигт ЧЛ жартылай финалы тарихындағы ең жас капитан 
Топ-клубтар қалай да аламыз деп бәс тігрлық турнирлерде 8 гол соғып, 11 нәтижелі пас шығарды. Чемпиондар лигасында да екі рет қаіп отырған ойыншының бірі һәм бірегейі – «Аякстың» 19 жастағы капитаны Маттейс де Лигт. Ол да командаласы де Йонгтың ізімен «Барселонаға» сапар шегеді деген қауесет жиі тарап жатыр. Оның трансферлік құны ретінде белгіленген 60 млн еуроны да «Барселона» дәл қазір төлеуге дайын екен. Қазір каталониялық клубтың қорғанысында аздаған жетіспеушілік пен «қартаю» бар екенін ескерсек, онда де Лигт «Барселона» құрылымына ә дегеннен сіңісіп кетуі де кәдік. Оған қызығып отырған тағы бір клуб – «Ювентус». Қазір бұл туриндік клуб мықты орталық қорғаушы іздестіру үстінде.

Бас бапкер Эрик тен Хаг та маусым біткен соң де Лигттің клубта қалмайтынын айтыпты. «Оның «Аякста» қалу мүмкіндігі нөлге тең. Оған қызығып отырған клубтар өте көп. Жазда командасын ауыстырады. Бірақ ол «Барселона» ма, әлде «Бавария» ма, нақты айта алмаймын» депті ол.

Ал «Тоттенхэм» қақпасына гол соққан Донни ван де Бек өз карьерасын Испанияда жалғастырмақ. Оның трансферіне «Реал» мүдделі болып отыр. Егер «Реал» француз футболшысы Поль Погбаға қол жеткізе алмаса онда ван де Бекті сатып алуға бар ықыласымен кіріспек. Бұл ретте корольдік клуб «Аяксқа» төленетін ақы 60 млн еуродан аспауы керек деп есептейді.

Шын мәнінде «Аякс» Еуропадағы бай клубтар санатынан емес. Негізінен жас, талантты, трансферлік құны арзан ойыншыларға, өз тәрбиеленушілеріне иек артады. Мәселен, қазір күллі әлемді тәнті етіп жүрген ойыншылардың әу бастағы бағасын есепке алар болсақ, небәрі 87 млн еуроны құрайды.

Мәселен, Дейли Блинд былтыр жазда «МЮ»-ден 18 млн еуроға қайтарып алды. Ал Давид Нерес 12 млн еуроға «Сан-Паулудан» келген. Ағылшын премьер-лигасында жарқылдап ойнаған Душан Тадич 11,4 млн еуроға «Саутгемптоннан» ауысып келді. Қазір ол «Аякс» сапындағы нағыз снайперге, нәтижелі пас шығаратын бірегей ассистентке айналған. «Твентенің» намысын қорғаған Хаким Зийечтің 2016 жылдың жазындағы бағасы 11 млн еуро еді. Қазір 35 млн еуроға қымбаттаған. Ал Френк де Йонг болса бірер жыл бұрын 10 млн еуроға ғана бағаланушы еді.

Өзге ойыншылардың тізімі былай өріледі (бұрынғы трансферлік бағалары көрсетілген):

379250.png
Лисандро Магальян – 9 млн еуро (бұрынғы клубы – «Бока Хуниорс»)

синк.jpg
Дэйли Синкгравен – 7 млн еуро

labyad_95493.jpg
Закария Лабьяд – 6 млн еуро («Утрехт»)

IxsrA9F3afcgV.jpeg
Николас Тальяфико – 4 млн еуро («Индепендьент»)

kd.jpg
Каспер Дольберг – 270 мың еуро («Силькеборг»)

Dqv7eTDXcAEkK0J.jpg
Андре Онана – 150 мың еуро («Барселона»)

Сондай-ақ клуб өзі тәрбиелеп шығарып, негізгі сапқа қосқан – Нуссайр Мазрауи, Йоэл Велтман, Карел Эйтинг, Юрген Эккеленками секілді ойыншылар бар.

Клубтың бас директоры Эдвин ван дер Сар ойыншылардың клуб ауыстыруына қатысты пікірін білдірген.

«Біз ойыншыларға: «Егер сендер «Аякстың» аңызына айналғыларың келсе онда маңызды жүлде жеңіп алуларың керек» деп айттық. Олар осы сенімді ақтайды деп ойлаймын. Егер олар бізде жақсы 3-4 жыл өткізіп, титулдар жеңіп, ғажайып футбол көрсетсе – бұл қуаныш. Сосын олар қалаған клубына кете алады. Себебі академиядан келетін жастарға да орын босатуы керек. Осы құрамнан мынша ойыншыны сата саламыз деп кесіп айтпаймын. Бәсеке қай кезде бар нәрсені өзі анықтайды» дейді ол.