ҚазҰУ – Азия елдерінің ЖОО қатарында
ҚазҰУ – Азия елдерінің ЖОО қатарында
183
оқылды

Times Higher Education (THE) беделді әлемдік рейтингінің зерттеу нәтижесі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны ретінде Азия елдерінің 251-300 үздік университеттерінің қатарына енді.

Университеттер рейтингісін құру барысында келесі көр­сеткіштер ескерілді: универ­ситеттердің ғылыми-білім беру қызметінің тиімділігі; оқы­ту­шылар құрамының және жүр­гізілетін зерттеулердің деңгейі; ғылыми мақалаларды жариялау және дәйексөз келтіру; халықа­ралық ынтымақтастық және басқалар.  

Инфографика.jpg
Описание изображения

THE рейтингісінде Азияның 27 елінен 417 университет ұсынылған. Бірінші ондыққа Қытайдың бес университеті, Сингапур мен Оңтүстік Кореяның екі университеті мен Жапонияның бір ЖОО кірді. Бірінші орынды Цинхуа университеті, екінші орынды Сингапур ұлттық университеті, үшінші орынды Гонконг ғылым және техно­логиялар университеті иеленсе, рейтингте ең көп орынды Жапонияның 103 ЖОО-лары иеленді. 

Серік ӘЛІМЖАН