Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Экономика

Касса аппаратының залалы басқа

Халима ТӘЖІҚҰЛ
Мамыр 4, 2019
Экономика
4
қаралым

Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 бұйрығына сәйкес, Қазақстандағы барлық кассалық аппараттардың иелері 2020 жылға дейін онлайн кассалық аппараттарға өтуі тиіс. Бүгінге дейін 200 мың кәсіпкер онлайн кассаға көшті. Биыл пластиктен жасалған 400 мың кассалық аппарат онлайн жүйеге ауысуы керек. Егер олардың әрқайсысының салмағы 2 келі екенін ескерсек, 800 мың келі пластмас¬са қоқыс аймағына жіберіледі екен. Ал мұндай қалдықтардың ыдырауы 500 жылға созылады. Оның экологиямызға елеулі залал келтіретіні анық. Олай болса, кассалық аппараттардан келетін экологиялық апаттың алдын алуға бола ма? Біз осы сауалға жауап іздеп көрдік.

Кәсіпкерлер мен бухгалтерлер қауымдастығы­ның президенті Дмитрий Казанцевтің айтуынша, кәсіпкерлердің басым бөлігі ескі кассалық аппараттарды қоқысқа тастай салады.

«Себебі, оны қайда өткізетінін білмейді, бұған дейін 200 мың кәсіпкердің онлайн касса­лық аппаратқа өткенін ескерсек, осынша касса­лық аппарат қоқысқа тасталды дей беріңіз. Ол аппараттарды қабылдап алды дегенді естіген жоқпыз. Өйткені ондай аппаратты утилизацияға берсеңіз, ақша төлейсіз. Ал кім артық ақша жұмса­ғысы келеді?» – дейді Д.Казанцев.

«Webkassa-мен экологияны қорға» жоба­сы­ның жетекшісі Ерлан Ахметов Д.Казанцев көтер­ген мәселенің шешімі барын айтады. Ол жетек­шілік ететін жоба аясында акция бастап отыр.

«Біздің ұйым қаржылық ресурсы мен техни­ка­лық мүмкіндігін   кассалық аппараттардан туындауы мүмкін экологиялық апаттың алдын алуға жұмсауға дайын. Бүгіндері кәсіпкерді ынталандырмаса,   ескі касса аппаратын қоқысқа тастай салатыны жасырын емес. Сондықтан біз оларды ынталандыру керек деп шештік. Ол үшін кәсіпкерлер бізге темір касса аппаратын алып келсе, 15 мың теңге көлемінде өтемақы алады. Бұл Webkassa кассалық аппаратының жарты құны. Қалған жарты құнын өзі төлеп, біздің онлайн кассалық аппаратымызға қол жеткізеді. Биыл 400 мың кәсіпкер кассалық аппаратын бізге тапсырса, онда сонша кәсіпкер үшін төлеу­ге 6 млрд теңге қарастырып отырмыз.   Олар сон­ша ақшаны үнемдей отырып, экологиялық апаттың алдын алуға ықпал етеді. Себебі, біз қабылдап алған кассалық аппараттарды утилиза­цияға жібереміз. Бұл ретте, біз кассалық аппарат­тарды өнеркәсіптік утилизациядан өткізе­тін «Таза әлем» зауытымен шарт жасаған­быз», – дейді Е.Ахметов. Оның айтуынша, аталған зауыттың өкілдері еліміздің   барлық өңірінде жұмыс істейді. Олар кассалық аппараттың моделіне талап қойып отырған жоқ, тіпті көне аппаратты да қабылдап, бағдарламалық кассалық аппаратты беруге дайын. Ескі кассалық аппа­раттарды отандық өндірушілер басқа мате­риал жасауға шикізат ретінде пайдаланады. Осылайша, кәсіпкерлер пластмассалық аппарат­ты емес, бағдарламалық кассалық аппаратты пайдалана бастайды. Ерлан Ахметов Webkassa өнімі үшін экологиялық таза өнім деген сертификат алған­да­рын айтады. Бастысы, 
бұл – отандық бағдар­ламалық өнім.

Халықаралық экология академиясының президенті Мұсағали Дуамбеков биыл 400 мың кассалық аппарат қоқысқа тасталса, онда экологиялық апат басталады дейді.

«Кассалық аппараттың 5 пайызы құйма аккумулятордан, 5 пайызы резеңкеден тұрады. Бухгалтерлердің өзі ескірген аппараттарды қоқыс жәшігіне тастайтынын айтып отыр. Ол аппарат қоқыс жәшігінен қоқыс   полигонына тасталады. Ал биыл қаңтардан бастап, қоқыс алаңдары қағаз, пластик, шыны қоқыстарын қабылдамайды, ескірген қондырғы, аппараттар­ды қоқыс алаңдарына заңсыз апарып тастаса, қоқыс алаңдары ол заттарды қабылдаса, ол Эколо­гиялық кодексті өрескел бұзу болып саналады», – дейді.

Оның айтуынша, онлайн кассаға көшу қағаз үнемдеуге мүмкіндік береді. Елімізде орман алқаптарының үлесі 3 пайызды ғана құрайды. Ал қағаздың басым бөлігі Финляндия мен Ресейден импортталады. Егер Webkassa онлайн касса аппара­тына көшсе, онда қағаз қажет болмайды. Түбіртек қажет болса, принтрден басып шығарса жетіп жатыр.

«Чектен қаржы үнемдеуге болады. Ең маңыз­дысы, чекті басып шығаруға кететін бояу – фенол­дан құтыламыз. Әдетте баспа аппараттары­ның бояуына аса мән бермейміз. Ал фенол тері рагын туғызатын бояу. Топыраққа зияны шаш етектен. Қырық жыл бұрын өрістегі қой май жағылған, тәтті торттың жұғыны қалған қағаз жесе, қазіргі мал полиэтилен пакеттерді жеп жүр. Сол себепті, біздің ұйым Webkassa онлайн касса аппаратын экологиялық таза өнім болғаны үшін қолдап отыр», – дейді М.Дуабеков.

Біз «Webkassa-мен экологияны қорға» жоба­сы­ның жетекшісінен Webkassa онлайн кассалық аппаратының артықшылығын сұрадық.

«Кәдімгі кассалық аппаратта қаржылық операциялар туралы мәлімет фискальді жадыда сақталады. Егер кассалық аппарат сынып қалса, оны жөндеу мақсатында ашу үшін жаныңызда Салық комитетінің қызметкері қатысуы шарт. Ал салық органы өкілі айтқан уақытында келсе жақ­сы, келмесе, түрлі техникалық мәселе туын­дап, кәсіпкердің жұмысы тоқтап қалуы мүмкін. Ал Webkassa – «сынбайды». Біз бағдарламаны жаңартып жатқанда да кәсіпкердің жұмысы тоқтамайды. Бағасында да айырма бар. Ірі супер­мар­кеттерге орнатылатын фискальді тіркеуші­лер­дің әрқайсысының құны 300 мың теңге, ал дүкендердегі кассалық аппараттар, кем дегенде, 60 мың теңге тұрады. Әрине, бұл шығын жеке кәсіпкер үшін аса қымбат болмауы мүмкін. Ал егер кәсіпкерде 100 касса болса, онда ол үлкен шы­ғын. Ал Webkassa-да бастапқы төлем жоқ. Тек көрсе­тілген сервис үшін ай сайын төлем жасала­ды. Ол аса қымбат емес. Webkassa бірнеше жерде дүкендері бар кәсіпкерге тиімді, ол қаржылық опе­рацияларды компьютері мен телефоны арқы­лы бақылай алады. Ал кассалық аппаратта ол мүмін емес. Ол үшін   Z немесе X-есебін шығару керек.

Webkassa-ның чегін кез келген принтрден басып шығаруға болады.   Өткен жылдан бастап, чекті электронды нұсқада беруге заңды түрде рұқсат етілді. Сондықтан Webkassa чегін түрлі мессенджерлерге немес электронды поштаға жіберсе, заңды күші бар деп саналады. Біздің өнім екі жылдан бері жұмыс істеп келеді. Содан бері 340 млн чек жөнелтілді», – дейді Е.Ахметов.

Сонымен, келесі жылдан бастап кассалық аппараттар онлайн жүйеге көшеді. Ал ауылда интернеті жоқтар қайтеді? Ерлан Ахметовтің айтуынша, бұл мәселе Қаржы министрлігінде көтеріліп, шешімін тапқан.

«Ауылды мекендерде интернет болмаса, ол жерде Webkassa қоюдың қажеті жоқ. Дәстүрлі кассалық аппаратпен жұмыс істей береді. Тек байланыс операторларынан бұл аумақта интернет байланысы жоқ деген анықтама алуы керек. Ал егер ауылды мекенде интернет өте баяу болса немесе қала сыртында интернет ұстамай қалса, Webkassa онлайн кассалық аппаратының 72 сағатқа дейін автономды режимде жұмыс істей беретін функциясы іске қосылады. Мәселен, курьер қала сыртына зат жеткізуге барып, сол жерден аппарат арқылы тұтынушыға фискальді чекті бере алады, ол ақпарат телефонда 72 сағат сақ­талады, курьер интернеті бар жерге жеткенде, чек салық органдарының серверіне түседі», – дейді ол.

Өткен жылға есеп берді

Исатайлық кәсіпкерлерге 200 АЕК көлемінде мемлекеттік грант бөлінеді

Жамбыл облысында әкімнің бұрынғы орынбасары мен 12 бухгалтер сотталды

Көлеңкелі экономикадағы ақшаның үлесін азайтуға мүмкіндік беретін онлайн сауда қызатын күн жақын қалды. Ол үшін сөз басында айтыл­ған 400 мың кассалық аппаратты утилизацияға өткізуге ұмтылған жөн. Бұл жерде бухгалтерлер кассалық аппаратты қоқысқа тастап жатыр деп дабыл қаға бермей, олардан кассалық аппараттың қалай арылғанын баяндауды талап еткен жөн болар? Бәлкім, сонда олардың да жауапкершілігі артып, кассалық аппаратты тиісті мекемеге өткізе бастайтын шығар…

 
Тегтер: бухгалтересепжылдық есепКасса аппаратының залалы басқакәсіпкерлер
Алдыңғы жаңалық

ҚазҰУ – Азия елдерінің ЖОО қатарында

Келесі жаңалық

Икер-мэн

Ұқсас жаңалықтар

Жаңартылған энергия көз, ЖЭК
Қазақстан

Жаңартылған энергия көзі: электр энергиясы неге жыл сайын қымбаттайды?

Ақпан 27, 2021
123 Алматы жапсырма құрылыс
Әлеумет

Жапсырма құрылыстың жыры бітпей тұр

Ақпан 27, 2021
Елімізде баспана мәселесі қашан шешіледі?
Әлеумет

Елімізде баспана мәселесі қашан шешіледі?

Ақпан 26, 2021
жанармай
Басты жаңалықтар

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанармай бағасының өсуіне байланысты пікір білдірді

Ақпан 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық боксшы қыздар халықаралық «Странджа-2021» турнирінде 4 медаль еншіледі

Наурыз 1, 00:11

Павлодар облысында әйелі күйеуін бұзақылардан құтқарып қалды

Ақпан 28, 23:29

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ақпан 28, 22:48

Бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Ақпан 28, 22:02

Үнді мұхитында жалғыз қалып қойған адамды қазақстандықтар құтқарды

Ақпан 28, 21:20

Елордада дәстүрлі «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі өтті

Ақпан 28, 20:43

Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетілді

Ақпан 28, 19:58
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Странджа-2021

Қазақстандық боксшы қыздар халықаралық «Странджа-2021» турнирінде 4 медаль еншіледі

Наурыз 1, 2021
Павлодар

Павлодар облысында әйелі күйеуін бұзақылардан құтқарып қалды

Ақпан 28, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»