Тұңғыш Президент ғалымдармен кездесті
Тұңғыш Президент  ғалымдармен кездесті
235
оқылды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Серік Қирабаевты қабылдады. Елбасы әдебиеттанушы-ғалыммен әңгіме барысында төл әдебиетіміздің қазіргі жағдайы мен даму перспективасын талқылады.

Қазақ әдебиетінің өзекті мәсе­лелеріне арнал­ған сыни мақалала­рымен танымал Серік Қирабаев білім беру саласындағы кейбір мәселелерді қоз­ғады. Тұңғыш Президент кезек күттірмей ше­шуді қажет ететін мәсе­лелерге қатысты ой біл­діріп, ға­­лым пікірін тыңдады. Серік Қирабаев Ел­ба­сы­ның президенттік өкілетін тоқ­тату туралы ше­шімі­нің маңызды­лы­ғы­на тоқталып, Н.Назарбаевтың ал­да­ғы қызметіне табыс тіледі.  
Қазақстан Тұңғыш Президентінің қабыл­дауында академик Уәлихан Қалижан да болды. Елбасы ғалымның төл әдебиетіміз бен өнерімізді да­мытуға қосқан өлшеусіз үлесін атап өтіп, Қазақстанды өркендету жо­лындағы табысты жұмысына алғыс білдірді.
 Кездесу барысында Уәлихан Қалижан Нұрсұлтан Назарбаевқа М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қолға алған қазіргі ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде мәлімдеді. Елбасы ғылыми мекеменің жетістіктері мен жақын болашаққа құрған жоспарлары туралы мұқият тыңдап, институт ұжымына табыс тіледі.