30-ға жуық отбасыға көмек көрсетілді
30-ға жуық отбасыға көмек көрсетілді
2,219
оқылды
Түркістан облысы Кентау қала­сына қарасты Нұртас ауылының тұр­ғындарына Nur Otan партиясы кө­мек көрсетті. Өйткені Түркістан об­лысы Үшқайық ауылдық округі Нұртас елді мекені толықтай каран­тинге жабылып, бүгінде ауылға залал­сыздандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Қатаң бақылау іс-шарасы аясында ауылдағы пост-бекет тек­серілді. Ауылдың 4 тұрғыны COVID-19 індетін жұқтырғаны анықталып, қазіргі кезде қажетті ем алуда. Ол кісілермен жақын байланыста болған жандар оқшауланып, тиісті шара қабылданды. Аталған тұрғын­дарды Кентау қалалық емхана дәрігерлері бақылауға алды. Уақытша карантинге алынған ауыл тұрғындарына облыстық мәслихаттың де­путаты, Nur Otan партиясы Кентау қалалық филиалы және «Шорнақ» бастауыш пар­­тия ұйымының төрағасы Баймахан Сүлейменов пен Кентау қаласы Кірістер басқармасының қызметкерлері көмек қолдарын созып, 30-ға жуық отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Нұртас елді мекеніне осы уақытқа дейін кентаулық жаны жомарт жандардың атынан көкөністер беріліп, ауылдың белсен­ділері залалсыздандыру жұмысына өз үлесін қосып жатыр. Қала әкімі Даурен Махажановтың тапсырмасымен ауыл толықтай бақылауға алынды. Залал­сыз­дандыру жұмысы мен тұрғындарға көмек көрсету шаралары атқарылуда. Қазіргі уақытта ауылдың тыныс-тіршілігі тікелей қала әкімінің бақылауына алынды.  

А.ЖАСАНҰЛЫ