Үндістандықтар 30 жылда бірінші рет Гималайды көрді
Үндістандықтар 30 жылда бірінші рет Гималайды көрді
Фото: Интернеттен алынды
Үндістанның солтүстік бөлігінің тұрғындары Гималайдың қарлы шыңдарын 30 жыл ішінде алғаш рет көрді. Үндістандықтардың көпшілігі бұл көріністі өмірінде бірінші рет көріп отыр. Сондай-ақ олар аспаннан бұған дейін көрмеген көптеген жұлдыздарды тамашалауда, - деп жазады 24.kz. Украиндық саяхатшы Артемий Суриннің айтуынша, бұл жағдай елдегі ауаның тазаруына байланысты. Еске сала кетейік, 22 наурыздан бастап Үндістанда коронавирустық пандемияға байланысты қатаң карантин енгізілді. Сарапшылардың айтуынша, карантин енгізілгелі ауаның ластану деңгейі едәуір азайған. Карантиннің екінші күнінің өзінде Делиде ауа ластануы 44%-ға төмендеді. India Today Data Intelligence Unit мәліметтері бойынша, 16-27 наурыз аралығында елдегі ауа сапасы орта есеппен 33% жақсарған.