ҚазҰУ студенттері Top student mobility жеңімпазы атанды
ҚазҰУ студенттері Top student mobility жеңімпазы атанды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 10 студенті оқу мен ғылымдағы айтулы жетістіктері үшін Ресей халықтар достығы университетінің (РХДУ) Top student mobility шәкіртақысына ие болды. Top student mobility бай­қауының мақсаты – РХДУ-да желілік форматта білім алатын сту­денттердің академиялық ұт­қыр­лық бағдарламаларын дамыту және қолдау. Байқау нәтижелері бойынша әлемнің әртүрлі елдерінен – Франция, Австрия, Италия, Ис­пания, Иран, Армения, Беларусь, Тәжікстан және Қа­зақстаннан 30 жеңімпаз анық­талды. ҚазҰУ студенттері оқу үлгерімі мен жобаларға деген ғылыми көзқарасы үшін барлық шәкіртақының үштен біріне ие болды. Олардың әрқайсысы шамамен 250 мың теңгеден тұратын бір реттік көмек алды. ҚазҰУ-дың физика және технология, химия және хи­миялық технология, филология және әлем тілдері, география және табиғатты пайдалану факульте­тінің студенттеріне Ресей халықтар достығы универ­си­тетінің арнайы шәкіртақысы берілді.  

Серік ӘЛІМЖАНОВ Алматы