Мемлекет басшысы коронавирус жұқтырған дәрігерлерге алаңдаушылық білдірді

Мемлекет басшысы коронавирус жұқтырған дәрігерлерге алаңдаушылық білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерінің індетті жұқтырып жатқаны алаңдаушылық білдірді. «Медицина қызметкерлерінің індетті жұқтырып жатқаны алаңдатып отыр.Ауруға шалдыққан бес адамның біреуі – медицина қызметкері. Бұған жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі және қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болуда. Дәрігерлеріміз онсыз да жетпей жатқанда, бұған мүлдем жол беруге болмайды. Науқастарды емдейтін медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын ерекше бақылауға алу керек.Олар жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ, дем алатын және уақытша тұратын жерлерін де мұқият ойластырған жөн» - деді Мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында. Еске салсақ, Мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялаған болатынбыз.