Ақтауда КамАЗ көлігі мен жүк пойызы соқтығысты

Ақтауда КамАЗ көлігі мен жүк пойызы соқтығысты

Ақтауда КамАЗ көлігі мен жүк пойызы соқтығысты. "Зардап шеккендер жоқ. КамАЗ жүргізушісі жақындап келе жатқан жүк пойызын байқамай қалған. Салдарынан жол апаты болды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабына сәйкес, яғни "Адам денсаулығына зиян келтіретін, көлік құралдарына немесе басқа мүлікке нұқсан келтіретін көлік құралдарының жүргізушілерінің жол ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Құжат процессуалдық шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданады", - деп хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметі. https://www.youtube.com/watch?v=rBQwTnuS2Ro&feature=emb_logo