Биылғы түлектер үшін қорытынды аттестаттау емтиханы өтпейтін болды
Биылғы түлектер үшін қорытынды аттестаттау емтиханы өтпейтін болды
243
оқылды
Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуі мен оқушыларды қашықтан оқытуға байланысты Білім және ғылым министрлігі 9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау емтихандарын, ал 11 (12) сынып оқушылары үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізбеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. «Министрлік шешіміне сәйкес, қашықтан оқыту жағдайында бітірушілерді қорытынды аттестаттау пәндер бойынша жылдық баға негізінде жүргізіледі.  Аттестат пәндер бойынша жылдық баға негізінде беріледі. Ал Ұлттық біріңғай тестілеу өткізу мерзімдері өзгеріссіз қалады» делінген хабарламада. Тиісті өзгертулер министрлік бұйрықтарына енгізілген. Айта кетейік, қазіргі уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мерзімі өзгеріссіз қалып отыр. Түлектер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған сынама тестілерін тегін пайдалана алады. Әр пән бойынша тестілеудің 70  нұсқасы ұсынылып отыр.

Тұмар МЫРЗА