Тірліктің тірегі – бірлік
Тірліктің тірегі – бірлік
Ғаламды жайлаған коро­на­вирус пан­де­миясының пси­хо­ло­гиялық, эко­но­ми­ка­лық, әлеу­мет­тік салдары мемлекет бас­шы­ла­рын ғана емес, қарапайым тұ­р­ғын­­дарды да күтпеген әбігерге салып қойғаны ақи­қат. Әлемдік ая­да неше түрлі сараптамалар мен ақ­­параттар, ғылыми талдаулар мен тә­жірибелік болжамдар бүкіл тіршілікке, тіп­ті адамдардың өза­ра қарым-қатынасына дейін қай­та қараудың қажетін айтып отыр. Мына қауіп-қатерге байланысты көп елдің ға­сырлар бойы қалып­тасып қалған өмір сал­тын мүл-дем басқа өлшемге сәйкес­тен­-діру, ор­тақ тәртіпке бағындыру жеңіл-желпі іс емес. Яғни, сананы өз­герту ісінің кө­кейкестілігі, оның шекарасы біздің ел­мен ғана шек­телмейтінін уақыттың өзі дә­­лелдей түсті. Сондықтан бұл жағ­дайды Ел­­басы Н.Назарбаевтың «жаһандық дең­гей­дегі үлкен өз­герістердің бастауы» деп ба­ғалауы мәселенің аса күрделі және елеу­лі екенін аңғартса керек. Ұлт Көш­басшысы халыққа арнаған үндеуінде мемлекет үшін ең басты байлық – адам өмірінің маңызын алға тарта отырып, отандастары­мыздың өзі­не, еліне деген сенімін ең зор күшке теңе­ді. Айтса айт­қан­­дай, соның арқасында жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан дүние­жүзі та­ныған, азат та дамыған мем­лекеттермен те­резесі тең ел бол­ды. Елбасы үндеуінде атап көр­­­­сеткендей, «қазіргі Қазақ­стан­ды Кеңес Ода­ғы ыдыраған өт­кен ғасырдың 90-жыл­дарын­дағы Қазақстанмен са­лыс­тыруға болмайды». Президент Қасым-Жо­­март Тоқаевтың мемлекет та­ра­пынан әлеу­метке берілетін нақ­ты көмек түрлерін мә­лімдеп, ел­дің еңсесін көтеруге бағыт­тал­ған іс-ша­раларды жариялауы – со­ның айғағы болса керек. Осындай кезде қазақтың мақ­танышы, жазушы-академик М.Әуезовтің «Қай істің бол­са да өнуі­не үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәр­тіп керек» деген дана с­ө­зі еске түседі. Тәуелсіз еліміздің қазығы қа­ғылған кез­ден мемлекетті талай қиындық пен дағ­дарыстан көш бастап алып өткен Ел­басының са­ламатты, салмақты сөзін хал­қы­мыз дәл осы жолы да күткені рас. Сон­дық­тан үндеудегі бай­сал­ды ой, ақ ниет дағ­дарған қалың жұртшылыққа арналды. Бұл Пре­зидент мәлімдемесімен үйлесімді ел­дік жол, бағдарлы құжат дең­гейін­де ұғы­нылды. Елбасының ауыртпашылық ке­зеңнен аман-есен өтуге «қажет­ті нәрсе – қаржы-қа­ражат, мате­риал­­дық ресурс, техника, азық-тү­лік – бәрі бар. Алаңдайтын, абыр­­­жи­тын еш негіз жоқ» деп то­лық сеніммен айт­қаны халық­тың көкейіне қонды. Сондай-ақ Тұңғыш Президент орын­­дау­шылық тәртіп мәселесін де тиянақтауды ұмыт­пады. «Әрбір министр, әрбір облыс, қала және аудан басшылары жүйемен, тәр­тіп­пен, үйлесіммен, нақты жос­пар­мен, нық сеніммен әрекет етіп, уақытша қиын­дық­тан шы­ғу­ға барлық күш-қуатты жұ­мыл­дыруы қажет. Nur Otan партиясы­ның мү­шелері де осы бір сауапты істің алдыңғы қа­тарынан табылуы тиіс» деп аталған тұлғалардан лауа­­­зымдық қызметімен қатар аза­­маттық ұстанымға да нық болуын ес­кер­туі жұртшылыққа ерек­ше ұнады. Екін­ші жағынан се­німді ақтамаған мемлекет қыз­мет­кері, тіпті әлеуметтік сала ма­­маны не­месе қарапайым адам тө­тенше жағдай заңын бұзғаны үшін ғана емес, ар-ождан қа­ғи­датына қайшы әрекеті үшін жа­залануы қисынды. Бұл – уақыт­тың қатаң талабы. Мұны Қазақ­стан­ның әрбір азаматы есте ұста­ғаны абзал деп ойлаймыз. Елбасы кез келген қиындықты жеңудің тағы бір кілтін атап көр­сетті. «Тәуелсіздік жыл­дары қол жет­кізген барлық табы­сы­мыздың қай­нары – ең алдымен халқы­мыз­­дың береке-бірлігі» деп ын­ты­мақтың қо­ғамдағы орнын тағы да айқындады. Ра­сында, тірліктің тірегі – бірлік. «Алла Та­ғала бізді осы бірлігімізден де, тірлігімізден де айырмасын!» деген ақ жарқын тілегін аға ұрпақ пен зиялы қауым өкіл­деріне, жаңа өскін-жас ұр­пақ­қа және іс адамдары-кәсіп­кер­лерге арнайы бағыттап жет­кіз­ді. Ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы орныққан жер­де игілік пен ізгілік қатар өркен жая­ты­нын ұмытпауға шақырды. Үндеудің өн бойында халық да­налығы мен данышпандар сөзі тілге тиек етіледі. Ел­басы мұны да ел­дік парасатпен дәйектеп отыр. Өйткені мемлекеттің алтын қазы­на­сы да, рухани арқауы да – бұ­рын­ғы мен кейін­гінің баянды да батыл тәжірибесі. «Мәң­гілік ел» жо­лындағы Қазақстан бұл қиын­дық­ты да Елбасы нұсқаған бере­ке-бір­ліктің күшімен еңсеретініне сенімдіміз.