Елеусінов Головкинмен бір бокс кешінде жұдырықтаспақ

Қазір Даниярға қарсылас іздеу үстінде

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов 25 мамыр күні өткізетін жекпе-жегінен бас тартты.

Спортшының менеджері Зия Әлиевтің айтуынша, қазақ боксшысы украиналық Александр Усик пен француз Карлос Такама арасында өтетін бокс кешінің андекартында жұдырықтасудан бас тартқан. Енді ол 8 маусым күні Головкин мен Стив Роллс арасында болатын кездесудің андеркартында өнер көрсетпек.

«25 мамырдың орнына 8 маусым күні Головкиннің бокс кешінде шығатын болдық. Он раундқа жоспарланған. Қазір қарсылас мәселесімен айналысып жатырмыз» деді Әлиев.

Еске салсақ, Головкин мен Роллс арасындағы жекпе-жек 8 маусым күні Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында болады. Аталған бокс кешінің андеркартында тағы бір қазақстандық боксшы – Әли Ахмедов та жұдырықтаспақ.

Қатарда футболдан Әлем чемпионаты басталды!

1XBET компаниясы баталияларды бірге бақылауды ұсынады және ойыншыларға жоғары коэффициенттер, сондай-ақ кең желі ұсынуға кепілдік береді!

Өз фавориттеріңізге футбол эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясымен бірге жанкүйер болыңыз!

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.