Министр айтқан соң, 30 мың медицина қызметкері үстемақы алатын болды
Министр айтқан соң, 30 мың медицина қызметкері үстемақы алатын болды
Фото: Интернеттен алынды
179
оқылды
Елімізде коронавируспен күресте 30 мың медицина қызметкері еңбек етіп жатыр. Оларды қаржылай қолдау мақсатында 40,4 млрд теңге бөлінді. Бүгінде 7,8 милларды ақ халаттыларға төленді. Яғни, бес аймақтың дәрігерлері мен мейірбикелері тиісті үстемеақы алды. Қалған өңірлердің медиктеріне бүгін төленуі тиіс. Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жакселекованың айтуынша, COVID-19-бен күресіп жатқан ақ халаттылардың жұмысы қауіптілігіне қарай үш топқа бөлінген. Сондықтан берілетін қаржы көлемі де әртүрлі болады. Бүгінде науқастардың 80%-інің жағдайы қалыпты. Бір науқастың қалы өте ауыр. 17 адам ауыр жағдайда. Індетке шалдыққандармен байланыста болған 21 мың адам анықталып, оқшауланған. Карантин енгізілгелі Алматы мен елордада коронавирус жұқтырғандар саны едәуір азайды. Бірақ аймақтарда індет әлі тарап жатыр. Мамандар індеттің жайылуы алдағы екі аптада үдей түсуі мүмкін екенін айтады. Коронавирустан жазылып шыққан азаматтар да дәрігерлердің бақылауында болады.