Қолдаушылар құрамы белгілі болды
Қолдаушылар құрамы белгілі болды
287
оқылды

Атырауда Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалында ҚР Президенттігіне кандидаттың Атырау облыстық қоғамдық штабының ашылуы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаевтың төрағалығымен өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстық қоғамдық штабы құрылғаны мәлімденді.

Облыстық қоғамдық штабты Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев басқаратын болды.

Баспасөз мәслихатында штабтың алдағы жұмыстары мен штаб құрамы бекітілгені айтылды. Елімізге танымал тұлғалар мен қоғам қайраткерлері,облыстық филиал саяси кеңесінің мүшелері мен жастар ұйымдарының белсенділері мен өткен сайлау науқандарына белсенді жұмыс істеген жауапты азаматтары бар штаб құрамы алдағы сайлауға әзір.

– Баршаңызға белгілі қазіргі күндері біз үлкен тарихи оқиғаның қарсаңында тұрмыз – еліміздегі ең жоғарғы биліктің ауысу үдерісі қолға алынып, оның соңы президенттік сайлауға ұласты. Сонымен алдағы 9 маусым күні біздің қоғам еліміздің жаңа Президентін сайлайтын болады. Бұл науқанның еліміздің демократиялық бағытта дамуына айтарлықтай үлес қосатын маңызды оқиға болғалы тұрғаны мәлім. Ал 23 сәуірде партияның кезектен тыс XIX съезін өткізіліп, онда Елбасының ұсынысымен партиямыздан Қазақстан Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынылғанын да жақсы білесіздер.

Міне, осыдан кейін партия Төрағасы Nur Otan партиясына сөз етіліп отырған маңызды науқанға белсенді түрде қатысу жөнінде тапсырма берген болатын. Мұның соңын ала біз өз үміткерімізге қолдау көрсетуді жүзеге асыру мақсатында Республикалық қоғамдық штаб құрылды. Штаб өзінің жұмысын, Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңдарына сәйкес, 11 мамырдан ресми түрде бастап кетеді. Біз сайлау кезінде осы ресурстардың бәрін іске қосып, науқанға тиімді пайдалана білуіміз керек. Бұл міндеттің орайында Республикалық қоғамдық штабтың жұмысына жан-жақты қолдау көрсетіп, заңмен рұқсат етілген барлық мүмкіндіктерді пайдалануға тиіспіз.

Бұл ретте өзіміздің бұқаралық ақпарат құралдарынан бөлек, қазіргі таңдағы ең жедел де ауқымды сала болып отырған әлеуметтік желілер мен интернеттің мүмкіндігін барынша тиімді пайдалануға күш салғанымыз жөн.

Nur Otan партиясы алда өтетін Президент сайлауына дайын отыр. Біз бұл науқанда өзіміздің алдымызға қойған мақсатымызды толық орындап шығатынымызға сенімдіміз. Сайлау алдында біз өз кандидатымызға жан-жақты қолдау көрсетуге тиіспіз, – деген Нұрлыбек Жұмахметұлы  үміткеріміздің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының тиімді, креативті және нәтижелі жүргізу жолында қолда бар мүмкіндіктер мен шаралардың барлығын іске қосатын боламыз деді.

 Атырау облысы