АҚШ өз азаматтарын қайтарудан бас тартқан елдерге санкция салуы мүмкін
АҚШ өз азаматтарын қайтарудан бас тартқан елдерге санкция салуы мүмкін
© Сурет ғаламтордан
206
оқылды
Ақ үйдің баспасөз қызметі АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус індеті жағдайында өз азаматтарының қайтып оралуына кедергі келтіретін немесе кейінге қалдыратын елдерге виза санкциялары салуға мүмкіндік беретін Жарлыққа қол қойды, – делінген құжат таратты, – деп хабарлайды РИА Новости. Санкциялар "SARS-CoV-2 туғызған пандемия кезінде Құрама Штаттардан өз азаматтарын, азаматтарды немесе резиденттерді қабылдаудан бас тартқан немесе негізсіз кейінге қалдыратын елдерге" салынуы мүмкін", – делінген құжатта. Құжат мұндай бұзушылықтар туралы ақпаратты АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігінің басшысы Мемлекеттік хатшысына хабарлауы тиіс деп болжайды. Мемдеп басшысы, өз кезегінде, жеті күн мерзімде мұндай елдерге қатысты шектеулер енгізу туралы шешім қабылдауы тиіс. Бірінші кезекте виза шектеулері туралы әңгіме болуы мүмкін, – деп жазылған құжатта.