Атырау облысында тіркелген 11 науқастардың барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған
Атырау облысында тіркелген 11 науқастардың барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған
© Сурет ғаламтордан
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Атырау облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 11 жағдай туралы ақпарат (11.04.2020 жылғы сағат 10:15 мәлімет бойынша) жариялады. Ауру жұқтырғандардың 2 жағдайы Атырау қаласынан,9 жағдайы Жылыой ауданынан тіркелді. Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды. Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқастардың жағдайы қазір қанағаттанарлық,бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 11.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 59 адам анықталды.