Джек Ма Қазақстанға медициналық қорғаныс құралдарын жолдады
Джек Ма Қазақстанға медициналық қорғаныс құралдарын жолдады
© Сурет ғаламтордан
158
оқылды
2020 жылғы 10 сәуірде Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы) «Джек Ма» және «Alibaba» қорларынан медициналық қорғаныс құралдары Алматы қаласына жеткізілді. [caption id="attachment_34851" align="alignnone" width="300"] width= © Сурет СІМ баспасөз қызметінен[/caption] Көлемі 4,5 тонна құрайтын гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ түйіспесіз термометрлер бар. Сонымен қатар, алдағы күндері аталмыш қорлар Қазақстанға СOVID-19 вирусын анықтайтын экспресс-тестілерін және өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберуді жоспарлап отыр.