Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы қазіргі жағдайдың әр саланы теңселтіп, бүкіл әлемді күйзелтіп, Қазақстан халқы да алаңдаушылықпен күй кешіп жатқан тұста баршаға демеу болғаны сөзсіз. Әлемді шарпыған індет елімізге жеткен кезде нағыз бірліктің озық үлгісін біртұтас ел болып көрсетудеміз, нәтижесінде осы қиындықты еңсеретін қоғамда жүйе де, сана да қалыптасты. Қазақ халқы бұдан да зор зұлматты бастан өткерген және барлығын асқан қайсарлықпен, төзімділікпен, көрегендікпен жеңген болатын. Елдегі төтенше жағдай әр отбасына оңай тиіп жатпағаны анық, осы тұста Елбасы еліміздегі әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығының мемлекет үшін маңызын, оны сақтап, қорғау жолында іргелі істер атқарылатынын атап өтті. Тәуелсіздіктің арқасында бүгінгі таңда тасы өрге шыққан кәсіпкерге еліне, мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету бастамасы да лайықты нәтижесін беруде . Тұңғыш Президентіміз өз сөзінде қазір тәртіпке бағыну және бір-бірімізге қолдау білдіру қажетін айтты. Жаһандық індеттің ауыртпалығы қай елге де салмағы ауыр соққы боп тиюде. Алайда біздің алаңдауымызға еш негіз жоқ, өйткені біз Тәуелсіздік алғаннан бастап осындай сын сағатына дайын болуымыз үшін әр саланың дамуына аса мән берілгені осындай сынақта нақты өзінің оң нәтижесін берді. Әлем жұртшылығы біздің елдің індетке қарсы күресіне ерекше назар аударып отыр. Мақалада қазақ елінің біртұтастығы жолындағы тарихи тұлғалар Әйтеке мен Төле билердің, ұлы Абайдың даналы сөздері көрініс тапқан. Берекесі таймаған, ырысы тарқамаған елдің алар асуы мен бағындырар шыңы мол болары сөзсіз. Халқымыздың амандығын сақтап, тәртіпке бағынып, қиындықты бірге еңсерейік.