Түркістанда Нью-Йорк баспалдағы салынып жатыр
Түркістанда Нью-Йорк баспалдағы салынып жатыр
Фото: Интернеттен алынды
Түркістан қаласында ашық аспан астында өтетін думанды мерекелерге арналған жаңа алаң пайда болды. Шаһардағы Есімхан алаңында әлемге әйгілі Нью-Йорк баспалдағы салынып жатыр. Ашық аспан астында орналасқан ерекше дизайнды демалыс орнында Open Space үлгісіндегі іс-шаралар, сан алуан сайыстар мен фестивальдер өткізіледі. Түркістандықтар мен өңір қонақтары үлкен экранда тегін фильмдер мен футбол ойындарын тамашалай алады. Тұрғындарды мәдени, рухани жағынан байыту, оларды бірлікке шақыру, жаздың кешкі күндерін көңілді өткізуге септігін тигізу мақсатында қолға алынған жаңа жоба бір бірдан соң іске қосылады деп жоспарлануда. Ашық сахналы, айналмалы баспалдақты демалыс орнының биіктігі – 4,5 метр, ені – 11 метрге есептелген. Ерекше сәулетімен таң қалдыратын Нью-Йорк баспалдағы жастар мен туристердің сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз. Түркістан қаласында құрылыс жұмыстары жоспар бойынша жүріп жатыр. Құрылысшылар еңбек қауіпсіздігімен қатар, төтенше жағдай ережелерін қатаң ұстануда. Барлық санитарлық талаптар күшейтілген.