Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен белгілі ғалым, тарихшы, журналист Хасан Оралтайдың өмірі мен қызметіне арналған «Елім деп өмір сүрген тұлға» тақырыбында онлайн семинар өтті. Аталмыш семинарды Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты, Ұлттық академиялық кітапхананың ғылыми қызметкері Бақытжан Болатбекұлы Ақтайлақ жүргізді. Семинар «Ағажай, Алтайдай ел қайда» әнімен басталды. Бұл кездейсоқ емес. Себебі Хасекеңнің ата қонысы – Алтай жері. Семинар барысында баяндамашы тарихшының өмірі мен еңбек жолына қатысты презентациялар көрсетіп, аудио және видео материалдарды пайдаланды. Көрермен қауым Хасен Оралтайдың өз дауысын естіп, оның ұлағатты сөздерін тыңдай алды. Сондайқ, Ұлттық академиялық кітапхана қорындағы қорындағы Хасен Оралтайдың құнды деректері мен электронды кітаптары жайында көп мағлұмат алды. Көрермендер баяндамашыға сұрақтар қойып, пікірлерін қалдырды. Семинар соңында баяндамашы Бақытжан Ақтайлақ Хасан Оралтайдың өмірі ұлтқа қызмет етудің үлгілі көрінісі екендігін айтты. Семинар соңы Мағжанның Түркістан өлеңімен аяқталды.