Головкин өзінің жаңа бапкерін таныстырды
Головкин өзінің жаңа бапкерін таныстырды
190
оқылды

GGG бұған дейін мексикалық Абель Санчеспен жұмыс істеген болатын

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин өзінің жаңа бапкерін көпшілікке таныстырды. 

Бұл туралы боксшы өзінің Инстаграмдағы парақшасында хабарлаған. 

"Сіздерге өзімнің жаңа бапкерім Джонатан Бэнксті таныстырғым келеді. Біздің ынтымақтастығымыз жақын уақытта өз нәтижесін әкеледі деп сенемін" деп жазды Головкин. 

Еске салсақ, бұған дейін Головкин 10 жыл бойы мексикалық маман Абель Санчеспен бірге жұмыс істеген. Оның дайындауымен 22 жекпе-жектің жиырмасында жеңіске жетіп, біреуінде тең түссе, бір кездесуде жеңіліс тапты.  

Бэнкс Головкинмен түйдей құрдас. Екеуінің де жасы 36-да. Бұрын ол да боксшы болған. Алайда спортшы ретінде IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы деген атаққа ғана қол жеткізе алды. Сондай-ақ NABO нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы деген де атағы бар.

Кейін бапкер ретінде украиналық Виталий Кличкомен жұмыс істеді. Сондай-ақ британиялық аса ауыр салмақтағы Диллиан Уайттың да бапкері болған. Қазір ол норвегиялық боксшы қыз Сесилия Брекхуспен жұмыс істейді.