Карантин кезінде үйде жатып, әбден жалыққан жұлдыздар үйлерінде не істерін білмей дал! Тіпті, Мейіржан Төребаев, Әлішер Кәрімов бастаған шоу-бизнестің жігіттері көйлек киіп, жұртты шулаттып жатыр. Әу баста бұл әйгілі әнші Дженнифер Лопес бастаған челлендж болатын. Қазақстандық әріптестері арасында трендке айналды. Жұмыссыз жатып, жалыққан жұлдыздар жаппай Джей Ло сынды видео таспалауда. https://www.instagram.com/p/B-kFVvkARpG/ Мына челенджді белгілі вайнер Мейіржан Төребаев та қолдаған. Жүкті жұбайымен екеуі бірлесіп билеп, көңіл көтерген тәрізді. https://www.instagram.com/p/B-EiBYxjcvT/ Ал, Марат Омаровтың "Коронавирус кет, кет, кет" әні бүгіндері жастар арасында хитке айналды. Әсіресе, әннің "Коронавирус жақындама, жолама" деген жолдары індетті ел ішінен қуып шығаруға үндеп тұрғандай. Желіде осы әнге би билеп жүрген көпшіліктің қарасы көбейген. https://www.youtube.com/watch?v=f57ukzkuTdw