135 қазақстандық Біріккен Араб Әмірліктерінен елге оралды
135 қазақстандық Біріккен Араб Әмірліктерінен елге оралды
© inform.kz
125
оқылды
135 қазақстандық азамат мінген Біріккен Араб Әмірліктерінен ұшып шыққан ұшақ Талдықорған әуежайына қонды, деп хабарлайды «Хабар 24». Шарджа – Талдықорған бағытындағы әуе рейсін еліміздің авиакомпанияларының бірі жүзеге асырады. Алматы облысы орталығының əуежайы күшейтілген сақтық жағдайында. Мамандар арнайы киімде болды. Жолаушылар ұшақтан түскен бетте бірден санитарлық дəрігерлердің тыңғылықты тексеруінен өтіп, коронавирус инфекциясына анализ тапсырды. Сосын арнайы автобустар арқылы карантинге арналған мекенге жеткізілді. Жолаушылардың бір бөлігі Текелі шипажайына, қалғаны Талдықорған қаласындағы мейманханалардың біріне орналастырылған. Олардың карантиндік режимді сақтауын құқық қорғау органдары бақылайды. Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы: - Келе салысымен телеметриядан тексеруден өтті. Ешқайсысының дене қызуы жоқ. Сондықтан олардың 45-ін Талдықорған қаласына, қалған тоқсанын Текелі қаласындағы «Текелі» профилакториіне жатқыздық. Олардан қажетті анализдер алынды. Анализдің результаттары бүгін шығатын болады.