Ерлігі уақытында еленбеген батыр
Ерлігі уақытында еленбеген батыр
© Сурет интернеттен алынды.
227
оқылды
Төлеу Құсайынов – 1916 жылы туған. Ол әскерге  1939 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауданынан шақырылған болатын. Әскер қатарында жүріп, 25-атқыштар дивизиясы 81-атқыштар ротасының командирі болған.
1944 жылы 28 наурызда Құсайыновтың ротасының кезекті шайқасы – Котовск қаласында еді. Қаланың солтүстік шетіне бірінші болып кірісімен соғыс басталып кеткен. Жау саны жағынан басым болса да, рота берілмей, аянбай күрескен. Төрт сағаттық ауыр шайқаста рота қарсыластың 5 қарсы шабуылын қайтарып, қаланың шет аймақғын басып алды. Олар жаудың 70-ке жуық жауынгері мен офицерін жойған. Төлеудің жеке өзі бұл шайқаста 60-тан астам фашисті жойып жіберген.
[caption id="attachment_35110" align="alignleft" width="487"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Бірақ осы ұрыста батыл командир басынан ауыр жараланып, қаза тапты. Оның соғыстағы батырлығы қайтыс болған соң, Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылған. Бірақ ол тек I дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды. Оның соғыстағы ерлігін айтып тауыса алмаймыз. Дегенмен айтулы шайқастардағы батырлығын елге жеткізу – парыз. Төлеу ерлігімен Буг өзенінің бойындағы шайқаста көзге түскен.
Ашып айтар болсақ, жауды қуып келген оның полкіне өзеннен өту мәндеті жүктелген еді. Сол кезде Құсайынов өзінің ротасындағы жауынгерінің аздығына қарамастан, батылдық танытты. Өзеннің оң жағалауына жүзіп өтіп, үстемдік етіп отырған жауын сол маңайдан қуып шыққан. Сондағысы Төлеудің басшылығында 9 жауынгер мен 3 сауытты транспортер ғана болған. Жаудың басымдылығына қарамастан өздері басып алған шабуыл шебінен бір қадам да шегінбей, арттағы батальонның өзеннен өтуін қамтамасыз етті. Кейінгі қайта шабуылдарда жаудың қорғаныстағы ротасын қуып шығып, оларды өзенге қарай ығыстырды. Сонда Төлеу Құсайынов жауынгерлерді шабуылға бастап, жау орнығып алған траншеяға бұзып кіріп, шайқасқан.
[caption id="attachment_35111" align="alignright" width="584"] width= ©Сурет интернеттен алынды.[/caption] Төлеу Құсайынов ротасының тағы бір ерлігі – Шляхово ауылындағы шайқас. Бұл елді мекенге бірінші болып кіріп, көшедегі ұрыстан кейін, бірнеше қайта шабуылда әрбір үйді қайтарып, ауылдың батыс шетіне шыққан.  Сол ұрыста жау 60-қа жуық жауынгер мен офицерінен айырылған.  Ал жау болса Казацкое ауылына шегініп кеткен. Соған қарамастан немістер біздің бөлімшелердің жылжуын тоқтатпақшы болған.
Сөйтіп, Казацкое ауылының іргесінде жаяу батальонмен, 2 танкімен және 9 сауытты бронетранспортпен 5 рет қайта шабуылға шыққан.  Құсайыновтың ротасы қиян-кескі ұрыста әлсіздік көрсетпеді. Жаумен бірнеше рет қоян-қолтық айқасып, олардың барлық шабуылына тойтарыс беріп, елді мекенге басып кірген. Сонда жаудың 4 бронетранспортер мен 2 автомашина, 100-ден астам жауынгер мен офицердің көзін жойды.
Барлық шайқастың ішінде ең қиыны – Болта қаласындағы соғыс. Жаужүрек командир Құсайынов ротасымен қаланың солтүстік шетінен кіріп, көшедегі қиян-кескі ұрыстармен, жаудың бірнеше қайта шабуылын тойтарып салған. Сөйтіп, шеткі аймақты жаудан тазартып, «Тигр» және 3 «Пантера» танкілерін қолға түсіріп, бірнеше ондаған немістің көзін жойды.