Ерлік ешқашан ұмытылмайды

Ерлік ешқашан ұмытылмайды

1923 жылы туған Қабдулла Құскенов соғысқа 19 жасында аттанған болатын. Әскерде жүрген ол, 150-ші атқыштар Идрицк дивизиясы 756 атқыштар полкі атқыштар взводының командирі, кіші лейтенант дәрежесіне дейін өскен. [caption id="attachment_35120" align="alignleft" > ©Суретинтернеттен алынды.[/caption] Оның ел аузында жүрген ерлігі – Берлин-Бланкенбург маңындағы шайқас. Сол кезде Қабдолла Құскенов неміс танкісіне жылжып барып, оны «Панцерхауст» гранатасымен жойып жіберген. Сонымен қатар сол ұрыста ол батальон комсоргімен бірге жаудың траншеясына басып кірген. Сол шайқаста олар немістің 7 жауынгерін өлтіріп, 9-ын және офицерін тұтқынға алған.

Ерлігі үшін ол взвод басқаруын қолына алды. Сөйтіп, 1945 жылдың 26 сәуірде Қабдолла Құскенов полктің екі 76 мм қаруын шебер қолдана отырып, қарсыластың 26 далалық және 3 зенит пушкасын қолға түсірді. Сол күні ол өз өмірін тәуекелге қойды. Себебі, ол еңбектеп барып жаудың амбразурасына граната лақтырып ДЗОТ-ын жойды.
[caption id="attachment_35121" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Ертеңгі күнгі көшедегі ұрыста жігерлік көрсетіп, қабырғалардағы тесіктер мен жертөлелерден немістердің тылына өтті. Қабдолла Құскеновтың бұл маневрі батальонның қала орамын басып, алға жылжуына мүмкіндік берді. Содан 200-ден астам немісті тұтқынға алып, оқ-дәрі мен азық-түлік қоймасы да қолға алынды. Майданда жасалған қанша ерлігіне 1945 жылы 30 сәуірде Батыр атағына ұсынылды. Бірақ «Қызыл Ту» орденімен марапатталған.