Ұлыбританияның премьер-министрі коронавирустан емделіп, ауруханадан шықты
Ұлыбританияның премьер-министрі коронавирустан емделіп, ауруханадан шықты
Фото: Интернеттен алынды
Індетке шалдыққан Борис Джонсон ауруханадан шықты. Осыдан бірнеше күн бұрын Ұлыбританияның премьер-министрінен коронавирус анықталып, ол дәрігерлердің бақылауына алынған еді. Жағдайы оңала бастаған соң ауруханадан шығарылған, бірақ жұмысына бірден кіріспей, емін үйде жалғастыратын болды. Оның індетті жұқтырғаны 27 наурызда белгілі болған. Соған қарамастан, Британ үкіметінің басшысы өзін-өзі оқшаулап, қашықтан жұмыс істеуді жалғастыра берген. Алайда, 5 сәуірде Джонсонның денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға жатқызылды, саясаткер бірнеше күн реанимацияда жатты. Кейін британдық премьер дәрігерлердің жұмысы қаншалықты қиын екенін өз көзімен көргенін айтып, бейнеүндеу жолдаған болатын. Ол әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтайтын және коронавирус індетіне қарсы күресу үшін қажетті шыдамдылық танытып жатқан жандарға алғысын білдірді. Борис Джонсонның міндетін уақытша Сыртқы істер министрі Доминик Рааб атқарып жатыр.