Карантинде тәртіп бұзған азаматтар әкімшілік жауапқа тартылады. Күнделікті рейд барысында құқық бұзу фактілері анықталып жатыр. Қызылорда облысы Шиелі ауданында карантинге жатқызылған 12 адамға әкімшілік шара қолданылады. Өйткені олар төтенше жағдай талаптарын ескермей, той-томалаққа жиналып, індеттің таралуына себепкер болған. Жалпы бүгінде 40-тан астам тұрғыны коронавирус жұқтырған Шеген Қодаманов ауылындағы 2 блокпосттан айналып өткісі келген. Сол себепті, елдімекенді айналдыра бірнеше жерден арық қазылып, төте жолдарға тосқауыл қойылған. Дегенмен облыс бойынша төтенше жағдай режимін бұзу фактілері тыйылар емес. Облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов: «Облыс бойынша жүргізілген рейдтер барысында төтенше жағдай талаптарын бұзудың 331 дерегі анықталды. Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік сотымен 177 әкімшілік іс қаралап, 77 тұлғаға айыппұл салынса, 99 тұлға әкімшілік қамауға алынды», – деді. Ал облыс аумағында барлығы 35 бекет тәулік бойы жұмыс істейді. Оның бесеуі облыс орталығына қойылған. Тәртіп сақшылары күндіз-түні рейдке шығады. Аймақта карантин кезінде Қызылордада қылмыс 43 процентке азайған. Ал жол-көлік оқиғалары 25 процентке дейін кеміді.