Он сағатқа созылған онлайн жиналыстан соң, ОПЕК+ елдері өзара мұнай өндірісін азайтуға келісті
Он сағатқа созылған онлайн жиналыстан соң, ОПЕК+ елдері өзара мұнай өндірісін азайтуға келісті
Фото: Интернеттен алынды
2,223
оқылды
ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 млн баррельге қысқартуға келісті. Келіссөздер 10 сағатқа созылып, бейсенбіден жұмаға дейін жалғасты. Тарихи мәмілеге әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші – АҚШ елі алғаш рет қатысты. ВВС-дің жазуынша, «2020 жылдың 1 мамырынан бастап ОПЕК+ мүше елдер мұнай өндіруді тәулігіне шамамен 10 млн баррельге төмендету бойынша тарихи мәміле жасағаны туралы хабарлаймыз», – деп жазды Кувейттің Мұнай министрі Халед аль-Фадыль Twitter-дегі парақшасында. Бейсенбі күнгі келіссөздер барысында өндірісті қысқарту жөнінде Сауд Арабиясы мен Ресей келісті. Бұл елдердің әрқайсысы мұнай өндіруді 2020 жылдың мамыр және маусым айларында тәулігіне 2,5 млн баррельге азайтады. Кейін шектеулер біртіндеп әлсіреуі тиіс. Дегенмен, бейсенбі күні келісім жасалмады. Себебі Мексикаға өндірісті тәулігіне 400 мың баррельге азайту ұсынылды. Ал бұл ел мұнай өндірісін күніне 100 мың баррельге ғана қысқартуға дайын еді. Келіссөзге АҚШ президенті Дональд Трамп араласып, АҚШ өндірісті тәулігіне 250 мың баррельге азайтатынын мәлімдеді. Бұл, Мексика позициясының орнын толтыруы тиіс. Мұнай өндіруші елдер жаңа қысқартулар есебінен қара алтын бағасын күрт өсіруге үмітті. Келіссөздер коронавирус пандемиясына байланысты телеконференция режимінде қашықтан өтті. Бұл келісімнен соң мұнай өндіруші елдер арасындағы көп айға жалғасқан келіспеушіліктер тоқтатуы тиіс. Наурызда олар ОПЕК+ аясында өндірісті қысқарту туралы келісімге келе алмады, салдарынан шикізат бағасы күрт төмендеген еді.