Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны көбейді. «13 сәуір сағат 09:00-дегі жағдай бойынша, тағы 10 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, Қызылорда облысында 1, Алматы қаласында 7, Нұр-Сұлтанда 2 адамнан COVID-19 табылған» делінген хабарламада. Бүгінгі таңда елде 961 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 253 адам, Алматы қаласында – 172 адам, Қарағанды облысында – 65 адам, Ақмола облысында – 71 адам, Атырау облысында – 59 адам, Жамбыл облысында – 46 адам, Шымкент қаласында – 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 21 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 10 адам, Маңғыстау облысында – 10 адам, Қызылорда облысында – 119 адам, Батыс Қазақстан облысында – 9 адам, Түркістан облысында – 43 адам, Қостанай облысында – 3 адам.