Жапон ғалымдары АИТВ-ға қарсы препараттардың бірі коронавирустың көбеюін тоқтататынын анықтады. Зерттеу қорытындысы bioRxiv биомедициналық препринттер порталында ресми жарияланған. Ғалымдар зерттеуінде SARS-CoV-2-мен қаншалықты күресе алатынын анықтау үшін АИТВ-дан емдеуде қолданылатын 9 дәрінің әсерін анықтаған. Барлық препарат коронавирустың көбеюімен күресе алатыны дәлелденген. Алайда, тоғыз дәрінің ішінде нелфинавир ғана басқа жасушаларға зиянын тигізбей, дертті жоя алатыны дәлелденді. «Қорытындысында нелфинавир COVID-19-дан емдеуге болатын бірден бір дәрі болып отыр. Әлі коронавирус жұқтырған науқастарға сынақтан өткізілуі керек», – деді зерттеушілер. Айта кетейік, COVID-19-дан дүниежүзінде 105 мыңнан аса адам қайтыс болған. 1 696 588 адам ауру жұқтырған.