42 500 теңге кешіктіріліп төленгені үшін министр халықтан кешірім сұрады
42 500 теңге кешіктіріліп төленгені үшін министр халықтан кешірім сұрады
123
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге кімдерге төленіп жатқанын айтты. Министрдің айтуынша, өз күнін өзі көріп жүргендер де әлеуметтік төлем ала алатынын айтты. Бейресми жұмыс істегендер де өтініш бере алады. Министр 42 500 теңгенің төлемі кешіктіріліп жатқаны үшін халықтан кешірім сұрады. Өтініштерді қарау мерзімдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішті бір рет берулеріңізді сұраймыз. Деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі – 3 жұмыс күні. МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жіберіледі, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді. Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.