COVID-19-дан сауыққан 100-адам 82 жастағы қария , - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Министрдің айтуынша, ол 82 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. 22 наурызда КВИ жұқтырғаны расталып, көпбейінді медициналық орталықтың инфекциялық блогына түсті. Диагнозы: COVID-19. Ауырлық дәрежесі орташа екі жақты полисегментарлы пневмония. 1 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы. 3 дәрежелі артериялық гипертензия, 3 тәуекел. Идиопатиялық подагра. Жүргізілген кешенді емдеуден кейін 24 сағат аралығымен COVID-19-дан 2 рет зертханалық зерттеу жүргізілді. Нәтижелері теріс болды. "Қазіргі уақытта шағымдар жоқ. Қазақстандық дәрігерлер біздің ауыртпалығымызды сәтті еңсеруде. Біздің дәрігерлер COVID-19 халықаралық клиникалық хаттамаларына сәйкес жұмыс істейді", - деп жазды министр.