Алматыда коронавирус жұқтырған дәрігерлердің саны 27-ге жетті

Алматыда коронавирус жұқтырған дәрігерлердің саны 27-ге жетті

Алматыда коронавирус жұқтырған дәрігерлердің саны 27-ге жетті. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты. Оның айтуынша, 13 сәуірде Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 172 жағдайы тіркелді. Соның 27-сі медицина қызметкері болып шықты. «Оның ішінде 21 әйел және 6 ер адам, араларында бір жүкті әйел бар. Медицина қызметкерлерінің екеуінің жай-күйі полисегментті пневмонияларына байланысты – ауыр, қалған адамдардың барлығында – қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Коронавирус анықталған 20 қызметкер шұғыл медициналық көмек көрсетуді жалғастырған Қалалық орталық клиникалық аурухананың қызметкерлері екені анықталды. Тағы 7 адам - 4 сәуірдегі алғаш рет тапсырған тестілері теріс нәтиже көрсеткен (яғни, дерт анықталған) Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері. Әдетте, бұлар әртүрлі патологиясы бар пациенттер, олардың арасында ауру белгілерінсіз ағымы бар пациенттер болуы мүмкін, сәйкесінше бұл олардың вирусты жұқтыруына себеп болуы да мүмкін», - деді Тілеухан Әбілдаев. Басқарма басшысының айтуынша, аталған факті бойынша қазіргі уақытта эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Қазір инфекциялық стационарда жалпы 122 адам емделіп жатыр. 89 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық, 8 адамда – ауыр, 25 ересек адамда (1 облыстық) – ауырлықтың орташа дәрежесінде деп бағаланып отыр. Емделушілер арасында 3 жүкті әйел бар. Барлығы 49 адам: 47 ересек және 2 бала сауығып шықса, 2 адам қайтыс болды. Провизорлық орталықтарда 186 адам бар, оның ішінде 10-ы бала, карантиндік оқшаулауда – 426 адам, үй карантинінде 6199 адам отыр.