Бүгінде COVID-19 эпидемиясының жер бетіне кеңінен таралып жатқаны елді дүрліктіріп жіберді. Бұл қиындық та адамзат басынан өтер. Алайда осыған дейін адамзат тағы қандай эпидемияны өткергенін еске алайықшы. Сондай кезде еріксіз артта қалған соңғы 100 жылға көз жүгіртеміз... [caption id="attachment_35263" align="alignleft" > © Сурет интернеттен алынды[/caption]
Ал дерттің «испан» деп аталуының себебі, Еуропа елдерінің ішіндегі Испания ең бірінші ресми түрде пандемия жариялаған.Бұл қатарда бірінші орын испан тұмауына тиесілі. Оның алғашқы белгісі – 1918 жылдың сәуір айында Францияда пайда болған.
[caption id="attachment_35266" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] 1918 жылдың мамыр айында 8 миллионға жуық адам осы індетке шалдыққан. Бұл дегеніміз – халықтың 39 пайызы сырқаттанған. [caption id="attachment_35268" align="alignnone" > © Сурет интернеттен алынды[/caption] H1N1 вирусы – гиперцитокинемияны тудырды. Ол қабынған өкпе тінінің тез жойылып, сұйықтыққа толуына әкеледі. Бұл көрсеткіштің соңы – өлім. [caption id="attachment_35269" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Бастапқы кезеңде адам бұл сырқатты байқамай да қалады. Алғашқы белгілері пневмония мен цианозға келеді. Тек қанды жөтелден кейін вирус анықталады. Онда да дерт бойға сіңіп кеткенде. Ал ауру асқынғанда қабынған өкпе ішінен қансырайды. [caption id="attachment_35270" align="alignnone" > © Сурет интернеттен алынды[/caption] Алғашқы 25 аптада испан тұмауынан 25 миллион адам қаза тапқан. Әлемді кеңінен жайлаған, бұл дерт сол кездегі жер бетіндегі халықтың үштен бірін жалмады. [caption id="attachment_35271" align="alignright" > © Сурет интернеттен алынды[/caption]Ол кезде Еуропада эпидемия жайында сөз қозғауға тыйым салынған.
Эпидемия 18 айға созылды. 1918 жылы басталған ол 1920 жылға дейін болды. Мұнда да қазіргідей елді мекендер карантинге жабылып, жұрттың бәрі бетперде мен тазалықты сақтады.
2002 жылдың қарашасында Қытайдың Гуандун провинциясында SARS (Severe acute respiratory syndrome) коронавирусы пайда болды. [caption id="attachment_35272" align="alignnone" > © Сурет интернеттен алынды[/caption] Бір сөзбен айтсақ, атипті пневмония немесе тыныс алу органдарының асқыну синдромы. Коронавирустың бұл түрі ағзада көбейген сайын өкпе жасушаларын тесіп, жояды. [caption id="attachment_35283" align="alignnone" > © Сурет интернеттен алынды[/caption] SARS коронавирусы негізінен Африка мен Азия секілді тропикалық немесе субтропиктік елдерде мекендейтін мысық тұқымдас жыртқыш сүтқоректілерден тараған. [caption id="attachment_35285" align="alignleft" > © сурет интернеттен алынды[/caption]Циветт жеген кофе жидегін ас қорыту жолымен шығарып тастаған дәні бағалы болған. Себебі, жергілікті тұрғындар осыны жинап, бір қуырып жіберіп қымбатқа сатады.Оларды циветта немесе виверр деп атайды. Міне, осылар кофенің жидектерімен қоректенеді.
Осыны бір қайнатып жіберсе, Копи Лувак кофесін жасауға болады. Сондықтан ел арасында коронавирус циветтен адамға жеткен деген болжам бар.[caption id="attachment_35286" align="alignnone" > © Сурет интернеттен алынды[/caption] Екі айдың ішінде эпидемия Гонконг пен Вьетнамға таралып кеткен. 2003 жылдың ақпан айында бұл індет 30 мемлекетті жаулап алды. Дертке шалдыққан 8 437 жағдай тіркелсе, оның 900-і қаза болған. Елу жастан асқанның тең жартысы SARS-ты көтере алмай, қайтыс болды.
Қызығы, бұл індетке вакцина табылмады. Алайда дәрігерлер SARS вирусының ыстыққа төзбейтінін байқады. Сондықтан вирус – маусымдық сырқатқа айналды. Сол аралықта тағы бір эпидемия пайда болды. H5N1 вирусы - 15 елге таралып, 389 адамнан құс тұмауы табылды. Инфекция негізі құстардан тараған. Соның кесірінен 246 адам көз жұмған. [caption id="attachment_35289" align="alignnone" > © Сурет интернеттен алынды[/caption] Испан тұмауын туғызған H1N1 вирусының жаңа бір түрі – шошқа тұмауы. Ол 2009 жылдың сәуірінде ең алдымен Мексиканың Мехико қаласында шыққан. Мексикадан АҚШ-қа таралған індет жер бетіне жайылып кетті.
Оның да алғашқы белгілері тұмауға қатты ұқсайды. Адамдардың дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, құрғақ жөтел мен бойында әлсіздік барын сезінген. Осы симптомдар да бүгінгі COVID-19 ұқсас келеді. Онда да халық беті-қолын қымтап, тазалықты сақтады.
2010 жылдың тамыз айында тұсауланған инфекцияға шалдыққандардың саны 6 724 149 адамға жеткен. Ал қаза болғандардың саны – 19 654.