Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс кездесуіне қатысады
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс кездесуіне қатысады
14 сәуір күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмыс мәжілісіне қатысады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. Жиын барысында COVID-19 індетінің таралуын болдырмауға және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикалық тұрақтылығын қолдауға бағытталған бірлескен шаралар талқыланады. Отырыстың қорытындысы бойынша Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше елдер бірлескен мәлімдеме қабылдауды жоспарлап отыр.