Коронавирус жұқтырған жүкті әйел емделіп шықты
Коронавирус жұқтырған жүкті әйел емделіп шықты
© сурет интернеттен алынды
116
оқылды
Алматы облысында коронавирус жұқтырған үш науқас емделіп шықты, - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. «Бүгін Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасынан короновирус диагнозы бойынша ем қабылдаған 3 адам толық емделіп шықты. 1995 жылғы 1 жүкті пациент (21-22 апта) 27 наурыз күні, 1997 және 1957 жылғы 2 пациент 28 наурыз күні аурухана түскен. 12 сәуір күнгі қайта талдау нәтижесі теріс. Үш емделушінің екеуі шет мемлекеттен келген (Нью-Йорк, Оңтүстік Корея). Біреуі Іле ауданының тұрғыны. Үш адамның да жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары жоқ», - делінген хабарламада. Айта кетейік, Алматы облысында коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны - 21. Олардың ішінен барлығы 4 адам емделіп шықты.