Ауладағы жолдардың сапасы қалай?
Ауладағы жолдардың сапасы қалай?
163
оқылды
Осыдан бірнеше күн бұрын  Lada.kz сайтында «Жители  5 мик­рорайона Актау возмутились отчетом чиновников о ре­монте дорог» атты ақпарат жарыққа шықты. Осы мәселені анық­тау мақсатында Nur Otan партиясы Ақтау қалалық фи­лиалының партиялық бақылау комиссиясы 5 шағынауданға ба­рып, жолдың сапасын тексерді. Сондай-ақ Ақтау қаласы 5 ша­ғы­наудандағы ішкі жолдарды жөн­деу бойынша шенеуніктердің есеп­­терінде келтірген нара­зы­лық­тары ту­ралы жарияланған дерек бойын­ша Nur Otan партиясы Ақтау қа­ла­лық филиалының партиялық ба­қылау комиссиясы отырысында қа­рал­ды. Жиынға Nur Otan пар­тия­сы Ақтау қалалық филиалының тө­рағасы Шамсадин Гусейнов же­­­­т­екшілік етті. Отырыс барысында Ақтау тұр­ғын­дарының 5 шағынаудандағы іш­кі жолдардың жамау жұмы­сы­ның аяқталмағаны, мердігер бар­лық шұңқырды бекітпегені ай­тыл­ды. Аталған даулы  мәселе бойын­ша Ақтау қалалық тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылығы бө­лімі­нің басшысы Қайрат Ақыбаев жауап берді. Отырыс нәтижесінде Nur Otan пар­тиясы Ақтау қалалық филиа­лы­ның партиялық бақылау комис­сия тобы орын алған бұзушылық­тар­ға қарсы бірқатар тапсырма бер­ді. Ақтау қалалық тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы бөліміне мер­дігер мекеменің 5 шағы­нау­дан­дағы ішкі жолдардың жамау жұ­мыс­тарына анализ жасап, тиісті ша­ра қолдану керегі  айтылды. Ал Ақтау қаласының әкімдігіне Ақтау қа­ласы 5 шағынаудандағы ішкі жол­дардың жасалмай қалған жұ­мыстарын жалғастыру үшін  қар­жы­ландыру мәселесін шешу ұсы­ныл­ды. Нәтижесінде, ауладағы жолдар жа­малып, қайта қалпына кел­ті­рілді. Резонансты бейнема­те­риал­дың әлеуметтік желіге шығып, көп­­шіліктің теріс пікір қалып­тасуы­на ықпал еткен, партия бе­деліне нұқсан келтіргені үшін Nur Otan партиясының мүшесі, Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаевқа «ескерту» тү­рін­дегі партиялық шара қол­да­ныл­ды. Сондай-ақ бұл тапсырманың орын­далуы партия бақылауына алын­ды.  

Абылайхан ЖҰМАШ