Жүкембаевтың келесі қарсыласы белгілі болды
Жүкембаевтың келесі қарсыласы белгілі болды

Батыр осыған дейін 15 кездесу өткізіп оның барлығында жеңіске жеткен

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев келесі жекпе-жегін мексикалық Луис Хесус Видалеске қарсы өткізбек.

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Жүкембаев осыған дейін 15 кездесу өткізіп оның барлығында жеңіске жетіп, 12 кездесуді нокаутпен аяқтаған. Ал қарсыласы Луис Хесус 13 кездесудің алтауында жеңіліс тапқан, 6 кездесуді мерзімінен бұрын жеңіспен тәмамдаған.

Кездесу 17 мамыр күні Канаданың Монреал қаласында Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтпек. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Бұл 30 жастағы Видалестің Мексикадан тыс жерде өткізетін алғашқы жекпе-жегі болмақ. Ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында 2011 жылдан бері жұдырықтасып келе жатыр.

Ал Жүкембаев кәсіпқой боксқа алғаш рет 2015 жылы аяқ басты. Ол барлық кездесулерін тек Канадада өткізіп келе жатыр. Соңғы рет 16 наурыз күні мексикалық Хильберт Месамен кездесіп, ұпай санымен жеңіске жетті.