«8 науқастың халі мүшкіл» – Біртанов коронавирус өршіген аймақтарды атады
«8 науқастың халі мүшкіл» – Біртанов коронавирус өршіген аймақтарды атады
Фото: Интернеттен алынды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус індеті бойынша Қазақстандағы ахуалды айтты. «Өткен тәулікте 140 жаңа науқас тіркелді. Өсім деңгейі – 14,7 пайыз. Оның ішінде, ең үлкен көрсеткіш Алматы қаласында  – 106, өсім деңгейі – 64 пайыз, Қарағанды облысында  – 12, өсім деңгейі – 18 пайыз, Нұр-Сұлтан қаласында – 9, өсім деңгейі 3,6 пайыз болды», – деді министр. Жалпы, Елжан Біртановтың айтуынша, елімізде коронавирустан 14 адам қайтыс болды. Оның ішінде, өткен тәулікте 2 науқас көз жұмды. «Жазылып шыққан науқастардың жалпы саны – 138 адам. Қазіргі таңда 939 науқас стационарлық ем алып жатыр. Олардың ішінде 57 бала бар. Жағдайы тұрақты науқастардың саны 82 пайыз немесе 770 науқастың жағдайы тәуір. Орташа деңгейде 151 науқас немесе 16 пайыз, ауыр деңгейде 18 науқас немесе 2 пайыз. Жасанды тыныс алу аппаратында 8 науқас жатыр. Жалпы, реанимациядан 16 адам емделіп шықты. Соңғы тәулікте үш адам реанимициядан жалпы палатаға ауыстырылды», – деді ол.