Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас 1950 жылы туған. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. 11 сәуірде желел жәрдем бригадасымен провизорлық стационарға ауыр халде жеткізілді. Осыған байланысты шұғыл ранимация бөліміне жатқызылды. Науқас келіп түскен сәттен бастап бар аурулардың салдарынан үдемелі нашарлауы байқалды. Қосымша диагноздары: аорто-коронарлық шунттау, ЖИА, артериялық гипертензия, қант диабеті. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, полиоргандық, яғни тыныс алу, жүрек және бүйрек жетіспеушілігі байқалады. Қарқынды терапиялық емге қарамастан, 2020 жылдың 13 сәуірінде сағат 22:20-де жүрек қағысы тоқтады. Реанимациялық іс-шаралар толық көлемде жүргізілді, 23:40 минутта биологиялық өлім анықталды.