200 отбасыға көмек беріледі
200 отбасыға көмек беріледі
ASSYLTAS қоғамдық қоры еліміздегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты қиындыққа тап болған 200 отбасын іріктеп, 25 000 теңгеден қаржылай көмек үлестірмек. Олардың басым бөлігі көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналар. 3 күн бұрын қордың баста­масымен қайырымдылық акция­сы басталып, халықтың көмегі арқылы 1 236 768 теңге жиналған. Қаржы жинауға 351 адам жәр­демдескен екен. Бастапқыда уәде етілгендей, қоғамдық қор жи­налған қаржыны екі еселеп, тағы 100 отбасыға көмек қолын созатын болды. «Үш күн бұрын біз бұл ак­цияны бастаған кезде қанша ақша жиналса, үстіне сонша қаржы бөлетінімізді айтқанбыз. Халықтың ықыласы кең екен. Қайырымды жандардың ар­қасында біз 100 отбасыға кө­мектесе аламыз. Өтініштердің көпті­гіне байланысты қор құрыл­тайшысы Дулат Тастекеевпен кеңесе келе, біздің қор тағы 100 отбасыға қаржылай көмектеспек. Яғни, 200 отбасыға 25 000 тең­геден үлестіреміз», – деді қор жетекшісі Рауан Оқас. Көмек алу үшін қоғамдық қордың электронды поштасына 1 000-нан астам хат келіп түскен. Қор қызметкерлері алдағы 3 күнде өтініштерді қарастырып, мұқтаж 200 адамның тізімін жасайды.  

МадиярТӨЛЕУОВ