Президент Қазақстан мұсылмандарын Рамазан айының басталуымен құттықтады
Президент Қазақстан мұсылмандарын Рамазан айының басталуымен құттықтады
238
оқылды

Қымбатты отандастар!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл. Исламның жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы және әлемдегі дәстүрлі құндылықтар мен гуманизм негіздерін нығайтуға ықпал етеді. Рамазан айында ораза ұстау мейірімді­лікке, кешірімді болуға, татулыққа және қайырымдылыққа үндейді.

Елбасының дана саясатының арқасында Қазақстанда бірлік, өзара түсіністік, этносаралық және дінаралық келісім рухы сақталып отыр.

Қасиетті Рамазан айы бәріңізге жақсылық, бақ-береке әкелсін!