Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Дәрі бағасын өсіре алмайсыз

«Айқын» ақпарат
Сәуір 14, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Дәрі бағасын өсіре алмайсыз
53
қаралым

Бүгінде дәрі-дәрмек ба­ғасының тұрақтылығы мем­л­екет қадағалауына алын­ған. Яғни, дәріханалардағы дәрілік заттардың бағасы бекітілген шекті бағадан жо­ғары болмауы керек. Сондықтан медициналық өнімдердің тапшылығына немесе пайда табу мақса­тында оның құнын көтеруге еш негіз жоқ. Әсіресе, тө­тен­ше жағдай кезінде мұн­дай келеңсіздіктерге жол бермеу маңызды.

Елімізде дәрілік заттардың бағасын реттеу заңына сәйкес мониторинг жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылады. Соны­мен қатар тұрғындар тарапынан келіп түскен шағымдар бойынша да қадағалау жұмыстары жүргі­зілетінін айта кеткен жөн.

Соңғы уақытта елдегі жария­ланған төтенше жағдайға байла­нысты «дәріханалардағы баға­ларға бақылау бола ма?», «бағалар аяқасты көтеріліп кетті», «анти­септик, маска, спирт, парацетамол және т.б. дәрі-дәрмектер жоқ», «маскалар 100-200, этил спирті 250-400 теңгеден сатылуда» деген әңгімелер жиі айтыла бастады. Сол себепті өңірлерде дәріха­налардағы дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жұмыстары жүргі­зіліп, жағдайды барынша бақы­лауда ұстау міндеттелді.

Дәріханадағы дау

Қостанай облысында дәрі-дәрмек пен қорғаныш құралдарының жеткілікті болуын Nur Otan қадағалайды

Қазақстанда дәрі-дәрмек тағы да қымбаттады

Қазақстандағы ең ірі мега­полис саналатын Алматы қала­сын­дағы 135 дәріхана ұйымының ішінде 5 дәріханада дәрі-дәрмек құны заңсыз көтерілгені анық­талды. Бұл туралы қалалық Тауар­лар мен қыз­меттердің сапасы мен қауіпсіз­дігін бақылау департа­ментінің басшысы Айзат Мол­дағасымова онлайн брифинг ба­рысында мә­лімдеді. Оның ай­туынша, Алматы бойынша ТЖ жағдайында әлеу­меттік маңызы жоғары 103 дәрілік заттың атауы тізімделген.

– Бұл дәрілердің бағасын көтермеу жайлы қалалық әкімдік пен Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамыту қа­уымдастығының арасында мем­орандумға қол қойылған. Алматы әкімдігі мен департамент қыз­меткерлері қаланың 8 ауданында күнделікті бағаларға мониторинг жүргізіп жатыр, – деп атап өтті департамент басшысы. Ол сон­дай-ақ бетперделер бір адамға 10 данадан ғана сатылатынын, 3 қа­батты медициналық бетперденің бағасы 87 теңге екенін, ал сүзгіші бар бетперденің бағасы 111 теңге көлемінде бекітілгенін жеткізді.

Ал жоғарыдағы жалпыға ортақ тәртіпті бұзған дәріхана ұйымы­ның басшысына хаттама толты­рылып, іс әкімшілік сотқа жол­данған. Аталған ұйым басшылары енді жазаға тартылып, 97 мың мен 235 мың теңге аралығында айып­пұл төлейтін болды.

Нұр-Сұлтан мен Шымкенттегі дәріханаларға жүргізілген мони­торинг барысында бетперде мен гигиенаға арналған антисеп­ти­калық заттардың тапшылығы байқалып отыр. Таразда жұқпалы аурулардың алдын алатын, ин­фекциядан қорғанатын антисеп­тик және қолғап сынды заттардың жеткілікті екені анықталды. Мо­ниторинг жүргізілген өзге аймақ­тарға да дәрі-дәрмек бағасын шекті бағадан жоғары көтермеу туралы ескерту жасалды.

– Қазір дүрлігуге негіз жоқ, сауда желілеріндегі барлық сө­релер толтырылған, бағалар тұ­рақты. Тұрғындарды маска және антисептикпен қамтамасыз ету бойынша медициналық маскалар мен вирусқа қарсы дәрі-дәр­мектерді қаланың дәріхана­ла­рында жеке және көтерме бағада қолжетімділігі бойынша ай са­йынғы мониторинг жасалады. Маска тапшылығы кейбір кәсіп­керлер мен жеке тұлғалардың маскаларды көтерме бағамен сатып алуына байланысты болып отыр. Сондықтан бір адамға 5 дана маскадан артық сатпауға шешім қабылданды, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қыз­метінде жасаған баяндамасында.

Бір қуанарлығы, дәріхана­лардағы маска мәселесі қазіргі кезде тұрақты жолға қойылды. Қалалық дәріханалар маскамен күнделікті қамтамасыз етіліп оты­рады. Бірақ фармацевт маман­дардың айтуынша, дәріханаларға таңертең әкелінген маскалар түс ауа таусылып қалатын көрінеді. Ал елде орын алған ахуалға бай­ланысты маскаға деген сұраныс күн сайын артпаса кеміген емес.

Маскалардың бар-жоғын i-teka.kz/ интернет ресурсы арқы­лы көруге болады. Белгілі бір дә­рі­ханаларда масканың жоғы туралы шағымдарды оператор тіркеп, сол арқылы қала дәріха­наларын маскамен қамта­масыз ету бойынша жауаптыларға жыл­дам жағдайда ақпарат бере алады. Егер сіз медициналық мас­калар мен антисептик құралдарын сату кезінде бағаның негізсіз өсу фак­тісіне куә болсаңыз ҚМ Қар­жы мониторингі комитетінің 708-478, 316-145 сенім телефо­нына хабар­ласып, шағымыңызды жет­кізе аласыз. Сол бойынша коми­тет өкілдері тексеру жұмыс­тарын жүргізіп, жағдайды бақы­лауда ұстап отырады.

Жалпы, елімізде күн сайын 80 200 маска шығарылады екен. Өндірушілер алдымен оны ме­дициналық мекемелерге үзіліссіз жеткізеді. Бұл туралы ДСМ «Дә­рілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» бас директоры Арнұр Нұртаев мәлімдеді.

– Ақпан айының басында сатылымда 9 миллионнан астам маска қоры болды. Бұл азамат­тарымызды ай сайын респира­торлық аурулардан қорғауға жет­кілікті болатын. Дегенмен ко­ронавирус инфекциясына бай­ла­нысты адамдар дәріханалардағы желілерден масканы арты­ғымен алуда. Соның салдарынан тө­тен­ше жағдай кезінде маскаға деген сұраныс 30 миллионға дейін жет­ті, – дейді Арнұр Нұртаев.

Қазіргі таңда антисептик шы­ғаратын кәсіпорын да өз өнім­дерінің мөлшерін арттырып жа­тыр. Енді дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағаларының тұрақты­лығы сақталып, көп реттік бет­перделердің қолжетімділігі мен бағасы бақылауда болса, жағдай да оңалар деген ойдамыз.

 

  Дәрі бағасын өсіре алмайсызАбылайхан ЖҰМАШ

 

 
Тегтер: дәрі-дәрмекдәріхана
Алдыңғы жаңалық

Бірден тоғыз адамға артты

Келесі жаңалық

Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққандар саны 142-ге жетті

Ұқсас жаңалықтар

әнші
Жаңалықтар

«Восток» тобының әншісі жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Қаңтар 27, 2021
Túrkistan
Қазақстан

Túrkistan халықаралық газетінің жинағы таныстырылады

Қаңтар 27, 2021
коронавирус
Жаңалықтар

Коронавирус: Қазақстан «қызыл» аймақта тұр

Қаңтар 27, 2021
зейнетақы
Жаңалықтар

Қазақстандықтарға зейнетақы қорынан 49 миллиард теңге мақұлданды

Қаңтар 27, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Восток» тобының әншісі жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Қаңтар 27, 18:51

Túrkistan халықаралық газетінің жинағы таныстырылады

Қаңтар 27, 18:08

Коронавирус: Қазақстан «қызыл» аймақта тұр

Қаңтар 27, 17:58

Қазақстандықтарға зейнетақы қорынан 49 миллиард теңге мақұлданды

Қаңтар 27, 17:45

Кәсіподақтар федерациясының мүшелері Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

Қаңтар 27, 17:11

Алматыда карантин күшейтіледі – Бекшин

Қаңтар 27, 16:58

Ғалымдар коронавирусты бір минутта жоятын спрей ойлап тапты

Қаңтар 27, 16:32
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

әнші

«Восток» тобының әншісі жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Қаңтар 27, 2021
Túrkistan

Túrkistan халықаралық газетінің жинағы таныстырылады

Қаңтар 27, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»